Мектептердің қысқа әзірлігі тексерілді

8.jpg

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысының міндетін қоса атқарушы Д. Акатов Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан мектептердің жылу маусымына дайындық барысына қадағалау жүргізу мақсатында, мектептердің жай-күйімен танысып, мектеп басшыларының жылу маусымына дайындық бойынша атқарып жатқан жұмыстарына бақылау жүргізді. Онда белгілі болған кемшіліктер бойынша атқарылуы керек жұмыстар барысы бойынша пікірлерін тыңдап, тиісті жұмыстар жүрзілетіндігін айтты. Сондай-ақ алдағы уақытта да басқа елді мекендерде іссапар жалғасын табатын болады. 

Жалпы, Сарыағаш ауданында бүгінде барлығы 80 мектеп бар. Оның 66–ы типтік,                                   14-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. 2020 жылы 5 мектептің құрылысы басталған, бұл құрылыс нысандарының ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 2 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 

2021 жылдың 8 айында 2 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Ауданда 219 мектепке дейінгі мекемелер бар. Оның ішінде  мемлекеттік балабақша – 16 және жекеменшік балабақша – 203. Мектепке дейінгі мекемелерде 25574 бала тәрбиеленіп, 3-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуы 98,7 пайызды құрап отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағашта ауыл жастарының лигасы өтті
  • Бюджет қаржысын игермегендерге шара көріледі
  • Сарыағаш-жылыжайдың отаны
  • Жылыту маусымына қатысты түсіндіру жүргізілді
  • Бір алқаптан үш рет өнім алады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер