Солтүстікке қоныс аударушыларға қолдау көп

4.jpg

Сарыағаш ауданы әкімдігінің және "Nur Otan" партиясының Сарыағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік" бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында "Ашық" есік күні ұйымдастырылды. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Іс-шара барысында ерікті түрде Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген азаматтарға қойылатын талаптар, қоныс аударған жағдайда көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар және оның тиімділігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауданның халықты жұмыспен қамту орталығында өткен ашық есік акциясына 55 адам қатысып, оның ішінде 14 адам солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірді. Алдағы уақытта мұндай түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу жоспарлануда.

Айта кетері, ,иыл оңтүстіктен қоныс аударған әр отбасы мүшесіне берілетін субсидия мөлшері – 70 АЕК. Яғни, 204 мың теңге қаражат көшіп жайғасу үшін көмек ретінде беріледі. Мысалы, 4 баласы бар отбасы қоныс аударса – 1 млн 224 мың теңге бірден беріледі. Оған қоса, бір жыл бойы үй жалдауға ақшалай көмек ретінде 1 адамға 43 755 теңге(15 АЕК) төленеді. Ал, 2 және 4 адамнан тұратын отбасыға 52 506 теңге (18 АЕК) ақшалай көмек көрсетіледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағашта ауыл жастарының лигасы өтті
  • Бюджет қаржысын игермегендерге шара көріледі
  • Сарыағаш-жылыжайдың отаны
  • Жылыту маусымына қатысты түсіндіру жүргізілді
  • Бір алқаптан үш рет өнім алады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер