Олимпиада жүлдегерлері - Сарыағашта

3.jpg

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев  әлемдік додада ел намысын қорғап спорттың түрлі салаларында жүлдемен оралған жерлестерімізді қабылдады. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

-Еліміздің және ауданымыздың атын шығарып, көк Туымызды биікке көтеріп, Әнұранымызды Азия құрлығының алдында шырқатқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздермен бүкіл аудан тұрғындары мақтанады. Алдағы уақытта да айтулы додаларда намысты қолдан жібермей, спорт саласындағы жетістіктеріңіз еселей беруіне тілекшіміз-дегене аудан басшысы  спортшыларға  Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.

Айта кетсек, биылғы жылы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Жапонияның Токио қаласында 32-ші жазғы Олимпиада ойындарына биыл енген каратэ спорт түрінен сарыағаштық Жартытөбе ауылдық округі, Құрама ауылының тумасы Дархан Асаділов қола жүлдеге ие болды. Бұл еліміздің каратэден алған ең алғашқы жүлдесі.

2020 ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен Игорь Лигай әлемнің үздік 50 төрешісінің қатарына еніп, төрешілікке ие болды.

Дубай қаласында 17-30 тамызда спорттың бокс түрінен өткен Азия чемпионатында 2003-2004 жылғы жастар арасында Абдіғалым Абдикарим, Сарибарова Айда және Жаңабаева Аружан рингте өздерінің мықтылықтарын дəлелдеп, қарсылас шыдатпаған жастарымыз Азияда үздік атанып, алтын медаль иеленді. 

Сонымен қатар, Қырғыстан Республикасында өткен Азия чемпионатында жекпе-жек спорт түрінен Нурмаханова Меруерт 72 салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанса, Өзбекстан Республикасында өткен волейбол спорт түрінен Даулетбаева Мумина Азия чемпионы атанды. Ал, елімізде өткен жағажай волейболы чемпионатының III-ші турында «Түркістан» командасының құрамасында ойнаған жас спортшымыз Ахмет Мейрамбек I-ші орынды иеленді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 2575 азамат уақытша жұмысқа орналасты
  • Бабалар аманаты насихатталады
  • Төрт түлікке екпе егу жұмыстары жүргізілді
  • Шымкент көрмелер қаласына айналуда
  • «Қамқорлық» бағдарламасы аясында көмек берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер