Партия хатшысы әлеуметтік орталықтарды аралады

39.jpg 

«AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова Шымкентке іс-сапары барысында бірқатар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын аралады. Партияның хатшысы қалалық филиал Атқарушы хатшысы Жанар Бектаевамен бірге алдымен «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болып, қызмет алушылардың жағдайымен танысты. Бұл туралы партияның Шымкент қалалық филиалы хабарлады.

Орталықта психоневрологиялық ауытқуы бар 18 жасқа дейінгі балаларға жартылай стационарлық жағдайда әлеуметтік, тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, және құқықтық қызмет түрлері көрсетіледі. Қазір мұнда 116 бала ем қабылдауда. Дәрігерлер мен әлеуметтік сала қызметкерлері орталықта аптасына 5 күн таңертеңнен кешке дейінгі уақытта түрлі емдік оңалту шараларын көрсетеді. Ғимарат сондай-ақ ЛФК, монтесори кабинеті, тұз шахтасы және толығымен бейнебақылау камераларымен қамтылған. Балалардың ерекшелігіне сәйкес арнайы спорт алаңшасы да бар.

Келесі Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды. Дағдарыс орталығында тұрмыстық зорлық - зомбылық көрген және адам саудасының құрбаны болған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Жыл басынан бері мұнда 300-ге жуық адам пана тапқан. Орталықта қызмет алушыларға психологиялық және әлеуметтік еңбек, құқықтық көмектер сынды 8 түрлі әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Мамандардың сүйемелдеуімен қысқа мерзімдік оқу курсын оқып, әрі қарай жұмыс істеулеріне де мүмкіндіктер қарастырылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Нужно ценить каждую минуту на свободе»:
  • Есірткі қылмысы үшін сотталған қыз өкінішін айтты
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЕҢБЕК ӘУЛЕТТЕРІ МЕН ҚАРАПАЙЫМ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ
  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған сөзінен: ел дамуының жаңа белесі
  • Президент: «2019 жылдан бері экономикамыз 16 пайызға өсті»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер