Жәрмеңкеде бизнес-жобалар таныстырылды

25.jpg 

Шымкенттегі  «Арбат» алаңында өткен жәрмеңкеде қайтарымсыз грант иелері ірі кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына өз өнімдерін ұсынды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға қала әкімі Ғ.Сыздықбеков қатысып, мемлекеттік қолдау аясында кәсіптерін дөңгелетіп отырған 200-ге жуық грант иесінің бизнес-жобаларымен танысты.

Былтыр қалада мемлекеттен 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз қаражат алған 1000-нан астам азамат бүгінде тағам өнеркәсібі, мал шаруашылығы, қызмет көрсету салалары мен қол өнер және жиһаз өндіру кәсіптерімен айналысуда.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мамандары бағдарлама қатысушыларына алдағы уақытта шағын кәсіптерін кеңейтіп, орта бизнес деңгейіне арттыруда қолдау көрсетуде.

Іс шара барысында ірі кәсіпкерлер өнімдерге қызығушылық танытып, грант иегерлерімен әріптестік байланыс жасауға уағдаласты.

Қала әкімі мемлекеттік бағдарлама аясында бизнеске бет бұрған тұрғындарды жан-жақты қолдауда тиісті шаралар жалғасатынын жеткізіп, кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.

Биыл қалада 400-ден астам бизнес-жобаға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Жыл басынан бері 228 азаматқа бизнес бастауға қайтарымсыз грант берілді. Бүгінде қосымша 219 грантқа өтінім қабылдануда.

Шымкентте жас кәсіпкерлердің бизнес-идеяларын қолдау, қаржыландыру шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғаса береді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерілді
  • Жаяу жүргіншіге де жауапкершілік жүктеледі
  • Аялдама павильондары жаңартылуда
  • Адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер