Штаб отырысында 8 жоба таныстырылды

Screenshot_21.png

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында жаңа жобалар мен өзекті мәселелер, аудандарда 2021 жылдарға бекітілген инвестициялардың, хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды. 

Жиында «Zoom» жүйесі арқылы жеке кәсіпкерлер жаңа жобаларын ұсынды. Құрылыс, сауда, көпқабатты тұрғын үй бағытында, жалпы 8 жоба таныстырылды. 

Атап айтқанда, «Асабаев Д.Е» ЖК металл конструкциялар дайындау өндірісі, лак-бояулары, респираторлар кәсіпорны, «Orient Ceramic» компаниясының керамикалық плиталар өндірісі жобасы таныстырылды. 

Сондай-ақ, «BAZIS Shymkent» ЖШС, «Ұлы-Орда» ЖШС, «Prestige House» ЖШС көпқабатты тұрғын үй, «Абдиева А» ЖК бизнес орталығын салуға ниетті екенін жеткізді. 

Ұсынылған жобалардың ішінде 4 жоба құрылыс индустриясына қызмет ететін кәсіпорындар. Олар қарқын алған құрылыс саласын отандық өнімдермен толықтырып, Шымкент қаласын құрылыс индустриясы дамыған орталыққа айналуына ықпал етеді. 

Қала әкімі барлық жобаларға қолайлы жағдай жасалатынын, жер телімі және инфрақұрылым мәселелері дер кезінде шешілетінін айтып, кәсіпкерлерді инвестиция салуға шақырды.

Отырыста сондай-ақ қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-ииновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша баяндама жасады. 

Басқарма басшысының айтуынша, жалпы 145 хаттамалық тапсырма берілген. Бүгінде оның 137-і орындалса, 8-і орындалу сатысында.

Атап айтқанда, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы 2, энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы тарапынан 6 тапсырма орындалуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте көп балалы аналарға алтын және күміс алқалар табысталды
  • Құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдер жасалды
  • Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министірімен телефон арқылы сөйлесті
  • Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты
  • Президент Қазақстанның АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер