Шымкент: Жеті айда 1500-ге жуық пәтер пайдалануға берілді

Бұл жөнінде қалалық құрылыс басқармасы мәлімдеді.  Ағымдағы жылдың  7 айдың қорытындысымен 1 416 пәтерлі 20 кредиттік тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде, 8– әкімшілік-іскерлік орталығында, 12 – Шымкент сити шағын ауданында орналасқан.

165cb0f9-b6ac-4ab9-be63-77a93c0bd1cc.jpg

Тамыз айында Шымкент сити шағын ауданында 10,5 мың шаршы метрді құрайтын 160 пәтерлі 4 үй тапсырылады деп жоспарлануда. 

Биыл жалпы 612 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жеті айда пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 299,86 мың шаршы метрге жетіп,  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құрылыс көлемі 1,6 есеге артты. 

«Нұрлы  жер» мемлекеттік бағдарламасымен ауданы 1 млн. шаршы метр 262 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Оның ішінде, құрылыс басқармасы арқылы бюджет есебінен 92 тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр.

Айта өту қажет, тұрғын үй құрылысы 2 бағытта, яғни  кредитттік және арендалық түрде іске асырылып жатыр. 

Сонымен, Әкімшілік-іскерлік орталығында, Шымкент сити және Тұран шағын аудандарында 80 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Биыл 51 кредиттік тұрғын үй тұрғындар игілігіне ұсынылады. Нәтижесінде, 3 284 азамат қол жетімді бағамен баспана сатып алатын болады. 

Сондай-ақ, 12 арендалық тұрғын үй салынуда: 8 –  әкімшілік-іскерлік орталығында, 4 – Тұран шағын ауданында. Осы жылы 448 пәтерлі 8 үй пайдалануға беріледі. 

Басқарма мамандарының сөзінше, бұдан бөлек  нарықтан 696 пәтер сатып алынады. Нәтижесінде, пәтер кезегінде тұрған 1 144 азамат арендалық пәтерге ие болады.  Оның ішінде көпбалалы отбасылар - 450, әлеуметтік осал топтар – 394 және 300 жұмыс жасаушы жастарға беріледі.  

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер