«Бүгін түнде аспаннан вирус шашады» Министрлік осы ақпараттың мән-жайын түсіндірді

Screenshot_11.jpg

Әлеуметтік желіде «Түнде вирусты көшеге шашады», «Ұшақпен жүріп ауру себеді екен» деген ақпараттар, аудиожазбалар таралып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлім етті.

«Құрметті халайық, сіздерден әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөзге жүгінулеріңізді сұраймыз. Барлық расталған ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алуға болады» делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада. 

Сондай-ақ, министрлік көрінеу жалған ақпарат таратқан адамдардың ҚР ҚК 274-бабы - «Көрінеу жалған ақапарат тарату» бойынша қылмыстық жауапқа тартылатынын еске салды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КазАТИУ им.С.Сейфуллина впервые вошел в международный предметный рейтинг
  • С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ алғаш рет халықаралық пәндік рейтингіне енді
  • Мыңбұлақ тұрғындары Наурызды ерекше атап өтті
  • “Ауыл” партиясының ұйымдастыруымен волейболдан турнир өтті
  • Тоқаев Түркістанда зиялы қауым өкілдерімен және өңір белсенділерімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер