Түркістанға саяхаттаушылар баратын жерімен алдын ала онлайн таныса алады

Киелі Түркістан шаһарына саяхаттап келушілерге барлық жағдай жасалып, олар баратын жерімен алдын ала онлайн таныса алады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен жиында сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ef4b629b-224d-4acd-a4e5-8540e19925b1-900x_.jpg

Жиында шаһар басшысы Рашид Аюпов қаланы дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы баяндады. Оның сөзінше, жаңадан дайындалған туристік себетіне электрокармен аралау мен гид, аудиогид көмегіме жүгінуге болады.

«Энто және брендтелген кәдесыйлар дүкендеріне саяхаттар кіреді. Көлікпен Сауран қаласына сафари, бүркіттер шоуы, күн батқанда далаға түйелер керуенін жүргізу және қобыз үнінің сүйемелдеуімен кештер, көшпенділер шоуы, ыстық тандыр нан мен саумал ішіп, аттылардың алаулармен жарықтандырылған көріністері өтеді. Түркістан қаласында бірқатар құрылыс жұмыстары шілде айында толық аяқталмақ. «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының аумағын абаттандыру құрылысы 3 кезеңге бөлінген. Кәріз жүйесін жүргізуге жер қазылып, су бұрқақ алаңына бетон құю жұмыстары жалағасуда. «Тұңғыш Президент саябағында» бүгінгі таңда жалпы кәріз және электр жүйелері толықтай аяқталды. Жарық жүргізіліп, сыртқы су жүйесі іске қосылған. Саябақта 2 мыңдай түр ағаш отырғызылған»,- деді Рашид Аюпов. 

Жиында қала әкімі сондай-ақ, қаланың рухани-мәдени орталығының алаң ішіндегі инженерлік-инфрақұрылым құрылыс мен драмтеатр аумағын абаттандыру жұмыстары да қалыпты жүріп жатқанын атап өтті. Көне сәулет өнерінің көзі – «Керуен сарай» кешенінің құрылысы алдағы күзде аяқталатынын жеткізді. Теңдесі жоқ аспан астында қалқыған театр, жергілікті қолөнер шеберлерінің ашық базары, ерекше су бұрқақтар мен демалыс орындары жергілікті тұрғындар мен саяхаттаушылардың көңілінен шығатынына сенім білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте бүгінге дейін 3320 провизорлы орын ашылды
  • Шымкент қаласының әкімі медициналық мекемелерді аралады
  • Шымкентте дәрі-дәрмек зауыты тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • Танымал ғалым 4 орынбасары да ауырып қалған Шымкенттің әкімін қолдауға шақырды
  • «Бүгін түнде аспаннан вирус шашады» Министрлік осы ақпараттың мән-жайын түсіндірді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер