Шымкенттегі балабақшалар жұмысын тоқтатқанмен қызметкерлердің жалақылары толық төленеді

Screenshot_3.jpg

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Шымкент қалалық өңірлік комиссиясының шешімімен қаладағы барлық балабақшалар қызметінің уақытша тоқтатылған мерзімінде меншік түріне қарамастан барлық балабақша қызметкерлерінің жалақылары толық көлемде сақталу туралы шешім қабылданды. 

Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат мәлімдеді.

Қазіргі таңда қаламызда 75 386 бала болса, 521 балабақша бар. Олардың 82-сі мемлекеттік, 439 – жекеменшік.

Айта  кетейік, Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 24.03.2020 жылғы «Санитариялық індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» №5 қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың  26 наурызынан  бастап барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары меншік түріне қарамастан жұмыстары тоқтатылған болатын. 

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Городские командно-штабные учения «Қыс-2025»
  • «Қазақы тазы» тұқымына арналған аңшылық сынақтар өтті
  • Cостоялись охотничьи испытания для национальной породы «Казахский тазы»
  • Президент Қазақстанның АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады
  • Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер