Шымкентке кіретін автожолдарда 12 арнайы блок бекеті қойылды

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Шымкентте сақтық шаралары күшейтілуде. Бұл бағытта Шымкент қаласына кіретін-шығатын автожолдарда 12  блок бекеті қойылды. 

62438526-71c1-4781-9f39-bc821b7d8a0b.jpgҚазіргі таңда Шымкенттегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Коронавирус індетіне қарсы мамандар әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексерістен өткізіп жатыр.

Блок бекеттерге тоқталсақ, олар: Ақжар, Жылан бұзған, Абдулабат, Өтеміс шапырашты,  Қызылсу, Мәртөбе, Сиқым ауылы (А-2 айналма жолы), Бозарық айналма жолы,  Қайнарбұлақ саяжайы, Бадам айналма жолы, Көкбұлақ, Бадам көпірі маңы.

Бұл бекеттерде полиция, дәрігерлер, жедел-жәрдем, төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы қызмет етеді. Сақтық шаралары ең алдымен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Блок бекеттерде медицина мамандары халықты ақпараттандыру, азаматтардың қозғалысын бақылап, дәрігерлер жолаушылардың дене қызуын өлшейді. Қауіптің алдын алу мақсатында қолға алынған жұмыстар барысында полицейлер мен дәрігерлер қаланың сыртындағы 12 Блок бекетте күшейтілген режимде жұмыс атқаруда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер