Шымкент қаласының әкімі командасын жасақтауды бастады

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен шаһар басшысының орынбасары қызметіне Мақсұт Пернебайұлы Исахов тағайындалды. Өзі Нұр-Сұлтаннан ауысып келген Шымкент қаласының әкімі бұл орынбасарын да астанадан алдырды. Бір орынбасарын босатып, бір орынбасарын тағайындаудан бастаған Мұрат Әйтенов командасын жергілікті кадрлардан тазартуға кіріскен сыңайлы. Күні кешеге дейін бұл орынбасарлықты Бұқарбай Парманов атқарып келген болатын.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Мақсұт Пернебайұлы 1974 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы - ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы, заңгер. Еңбек жолын ішкі істер басқармасынан бастаған Мақсұт Пернебайұлы еліміздің бірқатар облыстарында кеден саласында, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында қызмет атқарған. 

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары, Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, аталған қалада энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 

Бүгінгі күнге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып келген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: Жеті айда 1500-ге жуық пәтер пайдалануға берілді
  • Шымкентте байланыс антенналарын орнататын 11 жер телімі анықталды
  • Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам көз жұмды
  • Шымкент: Әскери авиация ұшқыштары оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде
  • Цой карантинді жеңілдету туралы ұсыныс берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер