Қытаймен арадағы жолаушылар транспорты уақытша тоқтатылды

29d856e55d614823bdb0bdec49fd075f.jpg

  Бүгінгі күннен бастап ҚР мен ҚХР арасында жолаушылар автобусының тасымалы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

  Ел Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірнеше қосымша қорғану шараларын қабылдады.  1 ақпаннан бастап еліміз бен  Қытай арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады. Ал, 3 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтайды. Қытай елінің азаматтарына визалар беру тоқтатылады. Сондай-ақ, 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогінің іріктеу матчтарын ҚХР-дың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады және 12-16 ақпан аралығына жоспарланған су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды.

  Ведомствоаралық комиссия жағдайды тәуліктік режимде қадағалауда. Биылғы 29 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде коронавирус инфекциясымен сырқаттану оқиғасы тіркелмеген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Важная новость!
  • Маңызды жаңалық!
  • РАБОТА ЕСТЬ: КОЛИЧЕСТВО ВАКАНСИЙ В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТ РАСТИ
  • Ситуация с размещением пациентов в инфекционной больнице Шымкента полностью урегулирована
  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер