Төрегелді Оразалыұлы тұрғындарды Наурыз мейрамымен құттықтады

image.png

Бүгін Түркістан қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде, ерекше сән-салтанатпен аталып өтуде. Көктемнің шуақты мерекесі елге береке мен бірлік, ырыс пен жаңару әкелетін ұлық күн ретінде жұртшылықтың көңіліне шаттық сыйлауда.

Мерекелік шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысып, халықпен бірге әз-Наурыздың мән-маңызын айшықтай түсті. Ұлттық дәстүрлер дәріптеліп, өнер мен мәдениет тоғысқан думанды мереке көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Осы айтулы күні “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы тұрғындарды Наурыз мейрамымен құттықтап, ел бірлігі мен татулығының арта беруіне тілектестігін білдірді. Ол өз сөзінде Ұлыстың ұлы күні – тек жаңару мерекесі ғана емес, ұлттың рухын көтеріп, өткен мен бүгінді жалғайтын қасиетті күн екенін атап өтті.

Наурыз әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен амандық әкелсін!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер