
Түркістан облысы бойынша “Ауыл” партиясының өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы Ұлттық киім күніне орай барша жұртшылықты құттықтады.
Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің, салт-дәстүрі мен рухани болмысының айқын көрінісі. Әрбір ою-өрнек пен нақыштың астарында терең мән мен ұлттың өзіндік ерекшелігі жатыр. Бүгінгі мерекенің басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпақтың бойына ата-баба мұрасына деген құрмет пен мақтаныш сезімін сіңіру.
Осы айтулы күні Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы барша тұрғындарға амандық, бірлік пен береке тілеп, ұлттық киімдерімізді ұлықтау – ұлтқа деген құрметтің белгісі екенін атап өтті. Сонымен қатар, төл мәдениетімізді сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін жеткізді.
