Айдарбек Қожаназаров: Цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесін Ата заңымызда белгілеу маңызды болд

Screenshot_2.jpg

«Референдум–2026» онлайн-марафонында ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Айдарбек Қожаназаров көпшіліктен келіп түскен цифрлық дербес деректерді қорғау, жекеменшік мүлікті қорғау және ашықтық жайында пікірлер мен ұсыныстар жайында айтты. 

«Ең бастысы, өзімізде бұрыннан талқыланып келе жатқан мәселе болды, ол – цифрлық қауіпсіздік, цифрлық деректерді қорғау және азаматтың құқығы тек қана офлайн емес, онлайн да қорғалуы. Оны Мәжілісте Цифрлық кодекске де енгіздік. Бірақ оны Ата заңымызда белгілеу өте маңызды болды. Қаншама азаматтарымыздың деректері желіге тарап кетіп, оны алаяқтар қолданып, азаматтарымыздың ақшаларын иеленіп кеткеніне куә болдық. Осыған тосқауыл қою, осыған төтеп беру үшін цифрлық деректерді қорғау болды, оны бекіту және дұрыс деңгейге шығару өте маңызды болды», - деді А.Қожаназаров. 

Мәжіліс депутаты басқа да маңызды мәселелерге тоқталды.

«Бұл мәселемен маған бірнеше азамат жүгінді, ол – жекеменшік үйін, адамның баспанасын қорғау, оны сот шешімінсіз ешкімді үйінен шығаруға құқығы жоқ екенін бекіту. Бұл өте маңызды бап. Қазір түрлі-түрлі жағдайлар болып жатыр. Осыған жол бермес үшін осындай шешім қабылданды. Конституциямызды талқылау барысында қаралған  тағы бір мәселе - ашықтық және халықпен кеңесу. ХХІ ғасырда қандай ел Конституцияны жазған кезде бүкіл халықпен ақылдасып, олардың пікірін жинап, оны тікелей эфирде көрсетті? Қазақстан ашықтығымен бірінші орында тұр деп ойлаймын», - деді А.Қожаназаров.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бір палаталы Парламент: ашықтық пен әділ бәсекенің кепілі - Нұрлан Бекназаров Құрылтай туралы
  • Преамбула еліміздің тарихы тереңде жатқанын айқын көрсетеді - Бақыт Нұрмұханов
  • Айдарбек Қожаназаров: Цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесін Ата заңымызда белгілеу маңызды болд
  • Айдос Сарым: Қазақстан жаңа дәуірге аяқ басты
  • Шымкентте қала мәслихатының төрағасы өндіріс жұмысшыларымен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер