Қазақстанда үйленер алдында арнайы сабақ алу міндеттелуі мүмкін

image.png

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров мәжілісте некеге отыратындарды оқыту бойынша түзету енгізу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. 

"Қазір мәжілісте тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы қаралуда, онда неке қиғанға дейін кем дегенде бір ай оқыту керек деген тармақшалар бар. Бұл қарастырылуда", - деді жастар және отбасы істері комитетінің басшысы Қайрат Қамбаров. Ол оқыту аясында болашақ жұппен психологтар мен тәлімгерлер жұмыс істейтінін айтты. Оқу міндетті бола ма, жоқ па ол жағы белгісіз, өйткені бұл жөніндегі барлық шешім парламент түзетулерді қарастырғаннан кейін қабылданады. Айта кетсек, өткен жылдың соңында Әділет министрлігі Қазақстанда міндетті түрде неке шартын жасасуды енгізу жоспарда жоқ екенін хабарлаған болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түйе үстінде жамбы атудан қазақ қызы әлемдік рекорд орнатты
  • КазАТИУ им.С.Сейфуллина впервые вошел в международный предметный рейтинг
  • С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ алғаш рет халықаралық пәндік рейтингіне енді
  • Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
  • Қазақстан мен БАӘ Cыртқы істер министрлері өңірдегі жағдайды талқылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер