Жастар Ханқорған қалашығына арнайы баратын болды

Screenshot_7.jpg

«Amanat»  партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы «Мәдениеті мен тарихы бай аймақ» бағыты бойынша өлкетану экспедицияларын өткізу, киелі мекендерді абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарын бақылау мақсатында құрылған. Партияның сайлауалды бағдарламасында айрықша мән берілген бағыт аясында Қазақстан Журналистер Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай, Қазақстан Жазушылар Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым, белгілі ғалым, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Гаухарбек Тілеуқұлов, белгілі жазушы, журналист, тарихи тақырыптарға қалам тербеп жүрген Шойбек Орынбай, сазгер, Мәдениет қайраткері Сейдулла Темірбаев, жазушы, журналист Жәмила Мамырәлі, ақын Дәурен Айманбет, Сүндет Сейітовтертен құрылған экспедиция «Ханқорған -қазақтың қасиетті жері» деген тақырыппен Ақсукенттегі Е.Сарманов атындағы  гуманитарлық агроиндустриалды колледжіндегі студенттермен кездесу өткізді. Жиында делегация мүшелері Ханқорған туралы қызықты ақпараттармен бөлісті.

Жиында колледж студенттері Ханқорғанға барып көруге қызығушылық білдірді. Колледж басшылығы алдағы уақытта Сайрамдағы Ханқорған секілді әулиелі мекендерге экспедициялық тур ұйымдастыратынын хабарлады. Бұндай турлардың өскелең ұрпаққа берері мол. Туған жерінің тау-тасын аралап, ата-баба әруақтарына тәу етіп өскен ұрпақ ұлтжанды, отансүйгіш болатыны анық. Жүрегі елім деп соғатын жастар – ел келешегі, ұлт болашағы. Бойына рухани нәр сіңіріп өскен бала көсегені көгертетіні баршаға аян.

Жиында ақын Дәурен Айманбет сансыз баптар елі Сайрамды дәріптеген өлеңін оқыды. Тарихты түгендеуге, оны жас ұрпақтың бойына сіңіруге бағытталған сапар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер