Bokei қыш зауыты жылына 300 млн теңгеге дейін салық төлейді

Ордабасы ауданындағы Bokei автоматтандырылған қыш зауыты тәулігіне 100 қыш шығаруға қабілетті. Мұнда 3 ауысымда 60 маман жұмыс істейді. Зауыт Жапония, Грекия, Украина елдерінің қондырғыларымен жабдықталған. Зауыт қазіргі таңда Түркістан облысын сапалы қышпен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар зауыт Қазақстанның барлық аймағына қыш жеткізе алады. 

202103263299_kirpish_qysh.jpg

Bokei қыш зауытының құрылтайшысы Нұралы Әбішевтың айтуынша, зауыт 2013 жылы жұмысын бастаған. Ол кезде қондырғылар Қытайдан жеткізілген. Дегенмен қытайлық зауыт көңілден шықпаған. Сол себепті де зауыт басшылығы Jusan банктан қолдау алып, өзге мемлекеттерден сапалы қондырғылар сатып алған. Нәтижесінде зауыт жұмысының өнімділігі артқан. 

- Зауыт жұмыс істей бастаған бюджетке жылына 200-300 млн теңге салық түсіре бастадық. Зауытта жергілікті жастар жұмыс істеп жатыр. Оларды қондырғылармен жұмыс істеуге украин мамандары үйретуде. Қара жұмыс десе көпшілік ауыр жұмысты елестетеді. Бірақ бізде олай емес. Мамандар заманауи технологиялармен автоматтандырылған жерде арнайы формамен жұмыс істейді, - дейді Нұралы Әбішев.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер