Министрдің жұмысына ақсақалдар тарапынан оң баға берілді

Бүгін Түркістан облысынан жұмыс сапарымен Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният келіп, өңірдегі жұмыстармен танысты. Ол Түркістан қалалық емханасының үздік тәжірибелер орталығына барып, ондағы ауруларды басқару бағдарламасы бойынша жұмыс атқаратын кабинет, балалардың ерте жастағы бақылауын қадағалайтын әмбебап прогрессивті моделі бойынша жұмыс жасайтын кабинет, сонымен қатар психологтармен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының жұмыс барысын көрді.

Screenshot_3.jpg

Бірқатар нысандарды аралап болған соң халықпен кездесуде облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы министрге ризашылығын білдірді. Ол облыстағы медицина саласында атқарылып жатқан жұмыстар өз деңгейінде екенін айтып, халық оң бағасын беретінін жеткізді. Сонымен қатар аталған саланы одан әрмен жетілдіру жолында өзінің талап-тілек, ұсыныстарын білдірді. 

Өз кезегінде министр ақсақалдар алқасының төрағасының ұсыныстарын назарға алатынын айтты. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер