ЖРВИ – тұмаудың кең тараған тобы

Screenshot_19.jpg

Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) – әлемдегі тұмаудың ең кең тараған тобы. Тұмау пайда болуына қарай  вирустық ауру бактериялық инфекцияға асқынуы  болып бөлінеді. Ауру қоздырғыштары ағзаға ауа-тамшы арқылы тыныс алу жолдарымен жұғады. ЖРВИ кезінде бірінші кезекте тыныс алу ағзаларын зақымдайды. Жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде ауа арқылы науқас адаммен байланыс жасаған кезде жұғады.

ЖРВИ-мен балалар және иммундық жүйесі төмен адамдар жиі ауырады. Иммунитет төмендеген соң  әр адам жыл сайын 3-4 және одан да көп ауруы мүмкін. Ауырар алдында адамда мына белгілер болады: шаршау сезімі, әлсіздік, ашуланшақтық.  Асқынған жағдайда бас ауырады, қатты әлсіздік, бұлшық еттер сырқырайды, дене қызуы жоғарлауы мүмкін, терлегіштік. Тұмау кезінде тамақтың ауруы, жөтел пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда тыныс алу жолдарының зақымдануымен конъюнктивит-көздің зақымдану белгілері болуы мүмкін.

Тұмауды  алдын  алудың 3 түрі жолы бар:

- екпе салдыру арқылы  алдын алу;

- дәрімен дер қабылдау арқылы алдын алу (вирусқа қарсы дәрілер);

- жеке және қоғамдық гигиена (ақпараттандыру жолымен) ережесін қадағалау.

Өзіңіздің ауырып қалмауыңыз және айналадағыларға жұқтырмау үшін:

- науқас адамдармен байланыста болмау;

- науқасқа 1 метрдей алшақ болу;

- науқас адамдармен қарым қатынас кезінде бетперде кию;

- таралуын алдын алу үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы ерітіндімен жуу;

- бір реттік қол орамалынды қолдану, жөтелген және түшкірген кезде мұрын мен ауызды жабу;

- адам көп жиналған жерге бармау;

- бөлмеде терезе көздері мен  жиі желдету;

- салауатты өмір салтын ұстану керек.

Егер отбасыда науқас  адам болса:

- мүмкіндігінше науқас отбасының басқа мүшелерінен мүмкіндігінше оқшаулау;

- науқасқа бір адам күтім жасау;

- отбасының барлық мүшелері бетпердені қолдану, қолды жиі жуу;

- науқастан кемінде 1 метр ара қашықтықта болу;

- науқасқа бөлек ыдыс-аяқ бөлу қажет. 

Б.ДӘРІБАЙ,

Әл-Фараби аудандық СЭББ жетекші маманы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Тоқаев: Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер