Спорттық сайыстардан жүлделі орын алған полицейлер марапатталды

Screenshot_5.jpg

Тәртіп сақшылары қылмыспен күресу жолында ғана емес, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түрлі спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Атап айтар болсақ, Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында спортшы полицейлерді департамент бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов өзі арнайы марапаттады. Жеңімпаз тәртіп сақшысының бірі – полиция капитаны Жәнібек Айдарбек. Ол Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында ересектер арасында «Әмбебап» жекпе-жек спорт түрінен өткен жарыста «Спорт шебері» атағына қол жеткізген. Сонымен қатар  қаламызда өткен «Грэплинг» спорт түрінен Түркітілдес мемлекеттер арасында өткен Халықаралық турнирде 83 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған.  Ал осы жарысқа 91 кг салмақта қатысқан полиция аға лейтенанты Жолдасбек Ануаров I-орынды иеленген. Аталған полицейлер арнайы медаль, дипломмен марапатталды.

Біз де жүлделі орындарға ие болған полиция қызметкерлерін құттықтаймыз. Алар асуларыңыз бен шығар белестеріңіз көп болсын! Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз! 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер