Әл-Фараби кітапханасындағы «Night quest»

Үшінші мегаполистегі Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханада ерекше іс-шара өтті. Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы ұйымдастырған «Night quest» саяхатына жаңалыққа жаны құмар жастар, оқырмандар мен қала тұрғындары қатысты.

image.png

Кітапхана ұжымы осылайша жастарды заманауи квест ойыны арқылы жаңғырған, жаңарған Әл-Фараби кітапханасымен таныстыруды мақсат тұтып отыр.

Креативті форматта өткен іс-шараға қатысушылар Әл-Фарабидің шәкірті Каллиграф пен кітапхана шырақшысы – Дәруіштің, Шығыс аруының бастауымен квесттің әр кезеңінде түрлі тапсырмалар орындады. Мысалы, сахналық көріністер, сандықтан қолжазбалар іздеу, ғұламаның шығармасынан үзінділерді табу арқылы келесі кезеңге өтіп отырды. «BOOKparty» барысында викторинаға қатысып, пікір алмасты.

– Кітапханамыздың атауы өзгеріп қана қоймай, іші де, мазмұны да Әл-Фараби әлеміне сай безендіріліп, жаңартылды. Бұл жұмыстар қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтың тікелей тапсырмасымен атқарылуда. Осылайша жастарға, қала тұрғындарына әлем таныған ұстаздың рухани, ғылыми мұрасын насихаттап келеміз. Былтыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай халықаралық ғылыми конференциялар өтті. Алда осындай форматтағы іс-шараларды  жалғастыру жоспарымызда бар, – деді Әл-Фараби кітапханасы директорының міндетін атқарушы Гүлмира Алпысбаева.

Бұдан кейін библиокафеде әдебиеттің түрлі жанры бойынша кітаптар ұсынылды. Сонымен қатар,  көпшілік түнгі киносеанста «Әбу Насыр Әл-Фараби» анимациялық фильмін тамашалады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи ордені енгізіледі
  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер