Шымкент қаласы «жасыл аймаққа» өтті

Коронавирус инфекциясының таралуы бәсеңдеген Шымкент қаласы «жасыл аймаққа» өтті. Үшінші мегополисте  індеттің таралуы азайып,  инфекциялық стационардағы төсек орындардың басым бөлігі  қысқартылды.

image.png

Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының   28 жағдайы тіркелді. Бүгінге 397 азамат стационарда ем қабылдауда. Төсек-орын толымдылығы 48% құрайды,416 төсек орны бос.

Айта кетейік, Шымкент қаласы  коронавирусқа қарсы вакцина салдыру бойынша бастапқыдағы 100 пайыз жопсарды орындады. Нақтырақ айтқанда, қалада  вакцина салуға болатын 536 мың адам бар болса, оның барлығына екпе салынды.  Бұған қоса  бұл категорияға  қосымша 60 мың адам қосылды.

Қазірде  қала бойынша  I компонентпен   536 000 адамға, ІІ компонентпен 454 848 адамға вакцинациялау жасалды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді
  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер