Шымкентте еліміздегі бірегей кәсіпорын аллюминий банкалар өндірісі іске қосылады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шымкент қаласында жыл соңына дейін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен қаржыландырылған Қазақстандағы бірегей кәсіпорын – «KazAlPack» аллюминий банкалар өндірісі іске қосылады.

image.png

Индустрияландыру картасы енген бұл жоба «Оңтүстік» индустриалды аймағында жүзеге асырылуда. Бүгінде құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Жыл соңына дейін 145 жұмыс орнымен ашылатын бұл жобаны іске асыруға 23,4 млрд теңге инвестиция тартылса, 19 млрд теңге көлеміндегі соманы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен қаржыландырылды.

Жылдық қуаты 500 млн дана қалбыр банкалар шығаратын өндіріс орны еліміздегі шкі сұраныстың 65 пайызын қамтамасыз етпек.

Айта кетейік, индустрияландыру картасы шеңберінде қаламызда биыл 17 жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде 40 млрд теңге көлеміндегі инвестиция тартылып, 758 жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Оның ішінде биылғы сегіз айда 5 жоба іске қосылып, 385 жаңа жұмыс орындары ашылған. Тартылған инвестиция көлемі 12,6 млрд. теңгені құраған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді
  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер