Абай ауданы келер жылы толық сапалы электр жарығымен қамтылады

Қала тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде, Абай ауданы келер жылы сапалы электр энергиясымен 100 пайыз қамтамасыз етіледі.

image.png

Жалпы Абай ауданында 34 елдімекен болса, ондағы тұрғындардың барлығы электр жарығымен қамтылған. Оның ішінде 8 елді мекен сапалы электр энергиясын жеткізуді қажет етеді. 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында аталған елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында осы жылы бюджет есебінен 3,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

Атап айтқанда, Нұршуақ, Жаңаталап, Ынтымақ-2, Батыс,  Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ақжар елді мекендерінде электр желілері мен бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2021 жылдың соңына дейін және 2022 жылға өтпелі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Назарбаев университетінің жатақханасынан студенттің денесі табылды
  • Қос аяғынан айырылған қыз баланы оңалту шараларын мойнымызға аламыз — министр
  • Қазгидромет: Аптап ыстық болады
  • Отбасының кірісі мен шығысы есептеледі: АӘК жаңа тәртіппен тағайындалады
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Ақорда резиденциясында қарсы алды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер