Шымкентте экология айы өтеді

Шымкентте қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 25 қыркүйек пен 16 қазан аралығында экологиялық айлық өтеді. Ондағы мақсат –  қоғам назарын экологиялық мәселелерге аударып, айналаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосу, сонымен қоса жас ұрпақ арасында экологиялық ойлауды, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

image.png

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, экологиялық айлық барысында коммуналдық және жалпы қалалық сенбіліктер, көпқабатты тұрғын үй аулаларында «Таза аула – таза қала», мектеп оқушылары арасында «Менің қалам – менің үйім», өзен арналарында «Таза су айдындары» акциялары өткізіледі деп жоспарлануда. 

Сенбіліктер кезінде қаланы санитарлық тазалау, нөсерлік аулалар мен арық жүйелерін тазарту, көше бойын, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау, саябақтар мен жасыл желектерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстарды жүргізу, заңсыз жерлерде орналасқан қоқыс үйінділерін және ластанған аумақтарды жинау жоспарланып отыр. 

Қаланың барша тұрғындары мен ұйымдарын туған көшелері мен аулаларын абаттандыруға өз үлестерін қосуға шақырамыз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер