Шымкент қаласында вакцина алғандар саны 93 пайызға жетті

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың қатысуымен брифинг өтті.

image.png

Баспасөз мәжілісінде Бақытжан Жолдасбекұлы үшінші мегаполистегі коронавирус инфекциясына қарсы атқарылып жатқан шаралар мен эпидемиологиялық жағдай туралы сөз қозғады.

– Қазіргі таңда қалада эпидахуал тұрақталып келеді. Еліміз бойынша Шымкент шаhары коронавирусқа қарсы екпе салу бойынша көш бастап тұр. Соңғы тәулікте I компонентпен 11 587, ал ІІ компонентпен 4 251 адамға вакцинациялау жасалды. Яғни бүгінде тиісті контингенттің (536 000 адам) 1-компоненті 93 пайыз, 2-компоненті 76,1 пайыз вакцинацияланды. Алайда әлі де босаңсуға болмайды, – деді басқарма басшысы.

Спикердің сөзінше, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты қаладағы инфекциялық төсек орындардың саны 60 пайызға қысқарған.

Айта кетейік, үшінші мегаполистегі егу бекеттері демалыс күндері де жұмыс істеп тұр. Сондықтан қала тұрғындары сенбі және жексенбі күндері емханаларға барып, вакцина салдыра алады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ШЫМКЕНТТЕ «ҚАРА ШАҢЫРАҚ»ҚОЛӨНЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ӨНЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛІП, ӨҢІР РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАС
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 10 АЙДА 1,2 ТРЛН. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛЫП, ЖАҢА ЗАУЫТТАР АШЫЛДЫ
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭНЕРГИЯ ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮ МАҚСАТЫНДА ІРІ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ САЛЫНУДА
  • В ДЖИДДЕ ПРОШЕЛ ЧЕМПИОНАТ АЗИИ СРЕДИ ЮНИОРОВ!
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер