Шымкенттегі әлеуметтік орталық жаңа автокөлікпен қамтылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жаңа арнайы автокөлікпен қамтылды. 

image.png

Мекемеге көлік кілтін басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова табыстап, бұл автокөлік орталықта қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету сапасын жоғарылату мақсатында  беріліп отырғанын айтты.

- Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету қоғамның ортақ міндеті. Бүгінгі жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға арнайы  автокөлік алынды. Енді ол автокөлікпен  орталықтағы қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау, оларға қызмет көрсету үшін қамтылып отыр. Ал, жақын арада орталық көпфункционалды кереуеттермен және арнайы құралдармен қамтылды, - деді басқарма басшысы. 

Жалпы орталықта көмекке мұқтаж, жасы 18-ден асқан, I - II топтағы психоневрологиялық аурулары бар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 8 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. Қазіргі  таңда  орталықта 225  мүмкіндігі шектеулі азаматқа көмек көрсетілуде.

Орталықта қызмет алушыларға барлық жаңдай жасалынған. Мұнда 3 медициналық бекет, 100 адамға шақталған  асхана, 2 тренажерлық зал, қызмет алушыларға ыңғайлы пандус пен лифт бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер