Қазақстан ерлер құрамасы азия чемпионы атанды

ҚР Тәелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шымкентте өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионаты қыза түсті. 13 және 14 қыркүйек күні ел қоржынына бірқатар жүлделер түсті.

image.png

13 қыркүйек күні пневматикалық тапаншада 10 метрге ату жаттығуы бойынша командалық сын өз мәресіне жетті. Бұл сында Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионы атанды. Эльдар Иманқұлов, Владимир Исаченко және Валерий Рахимжан қарсыластарынан үздік шықты. Екінші орынға Сауд Арабиясы, үшінші орынға Қырғызстан құрамасы иелік етті.

Жасөспірімдер арасында 10 метрге тапаншамен көздеу жаттығуы бойынша да Қазақстан командасы жеңімпаз атанды. Ярослав Махнев, Алексей Лотарев, Никита Чирюкин үштігі ең көп ұпайға ие болды. Екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Қырғызстан спортшылары жеңіп алды.

Сондай-ақ, кеше пневматикалық тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден сынға түскен Ольга Аксенова қола жүлдегер атанды. Ол 215.3 ұпай жинаған. Алтын және күміс медальді Таиланд елінің спортшылары өзара бөлісті. 

Айта кетсек, Азия чемпионаты 20 қырүйекке дейін жалғасады.

image.png

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер