Туризм саласындағы студенттер түркияда тәжірибе алмаса алады

Шымкент қаласының туризм саласында білім алып жатқан студенттер енді Түркияда тәжірибе алмаса алады. Шымкент қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының  қызметкерлері іссапар аясында Анталиядағы Туризм академиясының ректоры Зафер Биккеноглумен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Анталиядағы Туризм академиясы халықаралық деңгейдегі қонақжайлылық пен туризм индустриясы үшін жоғары білікті мамандарды дайындайтын бірегей оқу орындарының бірі болып саналады.

image.png

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерейтойы қарсаңында өткен кездесу барысында туристік қарым-қатынасты жақсартып, жастардың өзара тәжірибе алмасуы, сондай-ақ, біліктіліктерін арттыра отырып, оқуға қолдау көрсету жөнінде келісім орнады. Нәтижесінде қаладағы жоғары оқу орындарының арасындағы келісім негізінде екі жақты оқу жоспарын жүзеге асыра отырып, халықаралық деңгейдегі 2 диплом алуға мүмкіндік берілмек. Ол үшін Түркия тарапы Шымкент қаласының туризм саласы бойынша білім беретін жоғары оқу орындарымен келісімге келуге әзір. Одан өзге, студенттер Анталия қаласындағы орналастыру орындарында 5 айлық өндірістік іс-тәжірибеден өтіп, халықаралық деңгейдегі сертификат алады.

Алдағы уақытта академия басшылығы басқарма, оқу орындары және туристік бизнес өкілдерімен меморандумға тұрған жағдайда түрлі іс-шараларға қолдау көрсетіп, бірлесе жұмыс жүргізуге дайын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді
  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер