Әлімханұлы Головкинге қарсы жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) танымал отандасы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді.

image.png

Боксшының айтуынша, Головкин - оның ағасы. Ал Қазақстанда үлкенді сыйлау - дәстүр. 

"Жанкүйерлер менен GGG-ді неге жекпе-жекке шақырмайтынымды сұрайды. Жауап берейін. Ол - менің ағам. Қазақстанда үлкендерді құрметтеу керек, бұл біздің дәстүр. Кейбір жанкүйер мұны түсінбейтін шығар. Бірақ дәстүрді құрметтеу керегін бәрі біледі. Бұл - қазақ стилі", - деп жазды Әлімханұлы Twitter желісіндегі парақшасында.

Геннадий Головкин - орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Әлімханұлы да орта салмақта өнер көрсетеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер