Жамбыл облысында тағы жарылыс болды ма? - министрлік түсініктеме берді

Салалық ведомство тарс еткен дыбыс естілген кезде үш әскери қызметкер бөлім аумағында болғанын растады, бірақ оларға медициналық көмек қажет болмаған.

image.png

Қазақстанның қорғаныс министрлігі 29 тамыздағы жарылысқа ұқсас тарсылдан кейін Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің аумағында тағы үш әскери қызметкер жарақат алғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Бұған дейін бұл ақпаратты БАҚ қорғаныс министрлігі бас инспекция басқармасының бастығы, полковник Жұмабек Хасеновке сілтеме жасап таратқан болатын. Тараз гарнизоны баспасөз қызметінің жетекшісі подполковник Дина Мухаринованың айтуынша, 29 тамызда сағат 12.20 шамасында шынымен де жарылуға қауіпті заттан тарс еткен дыбыс шыққан және сол кезде қойма аумағында үш адам болған.

- Профилактикалық мақсатта олар Тараз әскери госпиталына тексерілуге жіберілді. Дәрігерлер оларды қарап шыққаннан кейін ешқандай жарақат алмағанын анықтады. Содан соң әскери қызметшілер қызмет орнына оралды,  – деді Мухаринова.  

Қазіргі таңда 26 тамызда өрт шығып, артынан бірнеше жарылыс болған әскери бөлімнің маңында аумақты тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.  

Жүргізіліп жатқан іс-шаралар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға жіті назар аударылған. Бұл жұмысқа тартылған әскери қызметшілер арнайы қорғаныс костюмдерінде жұмыс істеп жатыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Состоялось первое заседание нового состава Общественного совета по вопросам развития АПК
  • Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамының алғашқы отырысы өтті
  • ШЫМКЕНТТЕ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАР» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
  • Бірқатар қызметкерлер "Ауыл" партиясының 25 жылдық мерекелік төс белгісімен марапатталды
  • Ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегі - аудан өркендеуінің негізгі тірегі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер