Шымкентте жан басына қаржыландыру жобасы аясында 400 бала актерлік шеберлігін үйренеді

Screenshot_5.jpg

Мемлекет басшысы өз Жолдауында балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында биыл елімізде 1 мамырдан бастап шығармашылық тапсырыс бойынша жаңа стратегиялық шаралар қабылданды. Яғни, осыған дейін ақылы үйірмелер мен секцияларға барған балалар енді тегін қатыса алады.  

Жаңа жүйемен жұмыс жасайтын орталықтардың бірі - ЖК «Паттеев». Осында 400 бала шығармашылық тапсырыс аясында тегін үйірмеге қатысуға мүмкіндік алды. Оның ішінде 200 бала деректі және ойын көркем киносына, ал 200 бала  актерлық өнер бойынша үйірмеге қатысады. Үйірме «Шығыс» шағын ауданы 28 үйде орналасқан. 

Бұл жобаға қатысу үшін бизнес өкілдері Artsport.edu.kz сайтында өтінім қалдырады. Ал, ата-аналар жүйеге кіріп, керекті орталыққа балаларын жаза алады. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте студенттер экологиялық бастамаларды талқылады
  • ШЫМКЕНТ: АКИМАТ И МЕДОРГАНИЗАЦИИ ЗАКЛЮЧИЛИ МЕМОРАНДУМЫ ПО СДЕРЖИВАНИЮ ЦЕН
  • Бейнеттің зейнеті. Мақтаарал ауданының экс-әкіміне «Құрмет» ордені тапсырылды
  • ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ НАЧАЛОСЬ СТРОИТЕЛЬСТВО КРУПНОГО ТЕПЛИЧНОГО КОМПЛЕКСА
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер